Қытай 10 жылда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге 27,1 млрд ш. б. кредит бөлді
![]() |
Қытай 10 жылда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге 27,1 млрд ш. б. (шартты бірлік) кредит бөлді. |
Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кеңесінің 14-ші отырысы барысында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян мәлімдеді.
«Он жыл ішінде ШЫҰ банкаралық бірлестігі әр алуан қаржы ынтымақтастығын іске асырды, инфрақұрылымды жақсарту және инвестицияларды кеңейту, сондай-ақ өңірде жұмыс орнын құру маңызды болды. Бүгінде Қытай ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге 27,1 млрд ш. б. кредит берді. Мүше мемлекеттерге, қадағалаушы мемлекеттерге және ШЫҰ диалогы бойынша әріптестерге қызмет көрсететін «Қытай-Еуразия» экономикалық ынтымақтастық қорын құрды», - деді ол.
Ли Кэцян ҚХР жуырда Еуропалық қайта құру және даму банкіне қосылатынын атап өтті. «Қытай тарапы осы алаң арқылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге инвестиция мен қаржыландыруда қолдау көрсетуге әзір. Біз сондай-ақ мүше мемлекеттер арасында ұлттық валютада есеп айырысуды, қаржы тәуекелдеріне бірлескен қарсы іс-әрекет мақсатында валюталық айырбасты жүзеге асырумыз қажет», -деп атап өтті қытайлық премьер.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін