Қытай мен БАӘ бірлескен қор құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай мен БАӘ бірлескен қор құрды

Қытай мен БАӘ бірлескен қор құрды

Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытай 10 миллиард шартты бірлік көлемінде бірлескен стратегиялық инвестициялық қор құрды.

  • 15 Желтоқсан 2015
  • 311
Фото - Caravan.kz

БАӘ-нің «Уакалят Анбаа әл-Эмарат» мемлекеттік ақпараттық агенттігі екі ел арасындағы келісімге Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мохаммед бин Зайед Әл Нахайянның Қытайға жасаған сапары барысында қол қойылғанын хабарлап отыр.

«БАӘ мен ҚХР-дың арасындағы стратегиялық қордың орнауы біздің серіктестігіміздің дамудың келесі кезеңіне өтуіне, екі ел экономикасын алға жылжыту үшін тығыз серіктестікте жұмыс істеудің өзара ынтасына және әлемдік экономиканың өсуіне көмектесуге негізделген», — деді шейх М.Әл Нахайян.

Қорды екі ел тең дәрежеде қаржыландырады, болашағы зор инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялауға бағытталады.