Р. Әміренов, М.Искандиров және Б.Князевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
![]() |
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін: |
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын |
Әміренов Рышат Бабайұлы |
- |
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» разрезінің механигі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы |
Искандиров Мұқаш Зұлқарнайұлы |
- |
«Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Тараз қаласы |
Князев Борис Павлович |
- |
«Алтынсарино» ЖШС директоры, Қостанай облысының Қамысты ауданы. |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. |
||
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев |
||
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 3 желтоқсан № 124 |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін