Scat әуе компаниясының ұшағы Астанадан Египетке ұша алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Scat әуе компаниясының ұшағы Астанадан Египетке ұша алмады

Scat әуе компаниясының ұшағы Астанадан Египетке ұша алмады

Астанада Scat әуе компаниясының ұшағы техникалық себептермен Египетке, Шарм-эль-Шейх курорттық аймағына ұша алмады.

  • 11 Наурыз 2018
  • 168
Фото - Caravan.kz

Scat компаниясының хабарлауынша, ұшу алдында әуе кемесін дайындау кезінде қосымша қызмет көрсету қажеттілігі туындаған. Компания мұндай жағдайдың кез келген әуе компаниясында кездесетінін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушыларды ұзақ бөгемеу үшін ұшақты өзге бортқа ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Өзге қалалардан келген жолаушылар қонақ үйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Жергілікті жолаушылар үйлеріне қайтарылды, ұшаққа кешікпеу үшін оларға алдын ала хабар беріледі», — деп хабарлады Scat.

Әуе компаниясының хабарлауынша, қазір Египетке жіберілетін өзге ұшақ әзірленуде. Бұл біршама уақытты қажет етеді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда ішімдікке құмар ата-аналарға сот тәртібімен тыйым салуға болады

Қытай 6G ұялы байланыс стандартын жасау басталғанын жариялады

Қырғызстанда ұзын қазы әзірленіп, қазақтардың рекорды жаңартылмақшы

 

Соңғы жаңалықтар