Семей маңында төрт-түлік жаппай бруцеллезге шалдығып жатыр
Семей маңындағы ауылдарда төрт -түлік бруцеллезге шалдығып жатыр. 6500 бастан қан алған ветереинарлар 100 шақты малдан сары ауруын анықтапты. Ауру жұққан сиырлар шаруа қожалықтарына тиесілі. |
Қазір Баженовка ауылынан ет-сүт өнімдерін тасымалдауға, тірідей мал сатуға тыйым салынды. Ал бруцеллез расталған 53 бас малдың көзі жойылған. Бүгінде мұнда Ауыл шаруашылығы министрлігінен келген мамандар тексеріс жүргізіп жатыр. Олар ірі қарадан 9 мәрте қан алыпты. Алайда қортындысын әлі шығармаған. Енді ауру шыққан қожалық маңындағы тұрғындар қорқып отыр. Олар жайылым мен суаттар бір болғандықтан малымыз жаппай індет жұқтыра ма деп алаңдаулы. Дегенмен жұртты мамандар сабырға шақырды.
Сіләмғазы Мұқиянов, Семей қалалық ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
-Мына шектеу қойылған шаруашылық қожалығының малдарынан қауіп жоқ. Өздері бөлек бағылады. Суаттары да бөлек. Орталықтың малдарына қосылмайды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін