Жарияланды: 440

Серік Сәпиев қазақстандықтардың татулығын жұмылған жұдырыққа теңеді

Серік Сәпиев қазақстандықтардың татулығын жұмылған жұдырыққа теңеді

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қазақстандықтардың татулығын бокстағы жұмылған жұдырықпен салыстырды.

«Біздің елімізде Патриоттар форумын өткізіп, батырларымызды құрметке бөлеу үлкен дәстүрге айналды. «Мәңгілік Ел» идеясы бірлікке, отансүйгіштікке үндейтін жол. Біздің Президент халықты ұйыстырып, ұлтаралық араздықтардың болмауына күш салуы бекер емес. Мен, мәселен, татулықты бокспен салыстыра аламын. Бес саусақ бес жаққа бөлінсе - осалдық, жұмылса - күш, бірлік. Егер бірлік болмаса, жетістік болмайды. Барлығына жетістік тілеймін, біздің әрбір азаматымыз ел игілігі үшін қызмет етсе, өз-өзін дамытса, спортпен шұғылданса деймін», - деді С.Сәпиев.

Оның атап көрсеткеніндей қазақстанда жастардың отансүйгіштігін дамытуға үлкен істер жасалуда.

«Бізде «Жас Отан», «Жас кеңес», Қазақстан жастары конгресі» сынды ұйымдар бар, ондағы белсенді де жетістікке жеткен жастар өз қатарларына әлі олар сияқты көрсеткіштерге жетпеген жастарды тартумен айналысады. Осылайша мемлекет жас буынға қамқорлық жасап келеді, соның арқасында алға жылжып келеміз», - деп түйді сөзін боксшы. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін