Жарияланды: 30

"Шалдар, шамаң келсе маған ұқса" деп әндеткен 73-тегі қария суға шомылды (видео)

"Шалдар, шамаң келсе маған ұқса" деп әндеткен 73-тегі қария суға шомылды (видео)

Ғаламторда аязды күні жағасына мұз қатқан Ертіс өзеніне шомылған  қарияның видеосы тарады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ертіс өзеніне түскен қарттың бейнежазбасы ТикТок-та жарияланды. Видеода қария алдымен "сағат түскі 12:00, ауа температурасы — 24" деп, қайда шомылатынын айтып, артынша өзен жағасындағы қарға аунайды. Мұнан кейін арнайы қойылған темірге сүйеніп, суық суға бірнеше мәрте кіріп шығады. Судан шығысымен қар үстінде жалаңаяқ өзінің қайсарлығына қуанып, әндете жөнеледі.

Жасым бар 73-те, жылым сиыр. Қорықпай қыста суға шомыламын. Ей, шалдар, шамаң келсе маған ұқса, деп әндетеді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін