Жарияланды: 840

Шетелдік ғалымдар қазақстандық алманың негізінде жемістің ерекше түрін шығарды

Шетелдік ғалымдар қазақстандық алманың негізінде жемістің ерекше түрін шығарды

Британияның The Guardian газеті қазақстандық сұрыптардан селекцияланған қызыл жұмсағы бар жаңа алманың пайдалылығын атап өтті.

The Guardian «Gardens: the truth about apples» мақаласында алманың сұрыптарының бәрі бірдей пайдалы емес екенін жазады. Ғалымдардың жемістің тәттілігі жарысында кейбір сұрыптардағы қант деңгейінің 80 пайызға дейін өскенін атап өткен. Яғни, алманың 1/5 бөлігі қанттан құралған,  тіпті Coca-Cola сусынына қарағанда екі есе артық. Сондықтан емдәм ұстанып  жүрген адамдарға осындай сұрыптарды мәзірге қоспау жайлы кеңес етіледі.

Селекционерлер қызыл жұмсағы бар алманың жаңа сұрпын шығарды. Олардың құрамында полифенолдар екі есе, антоциандар (өсімдік құрамы) бес есе көп. Сұрыптар  «Redlove» немесе «Bloody Ploughman» деп аталады. Бұл алмалар алдағы уақытта сатылымға шығарылмақ. Селекционерлер Қазақстандағы жабайы алма ағаштарын пайдаланған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін