Жарияланды: 420

Шетелдік компанияларға Қазақстан туын ілу заңмен міндеттелмек

«Мемлекеттік рәміздер» туралы заңға осындай өзгеріс енгізілгелі жатыр. Бірақ бүгін құжатты Сенатқа әкелген Мәдениет вице-министрі Марат Әзілханов сынға ілікті.

Егер заңға енгізілетін түзету қабылданса, шетелдік компаниялар кеңселерінің алдына қазақ байрағын желбіретіп іліп қоюы тиіс. Мәдениет министрлігінің есебінше, бұл Қазақстанға құрмет әрі патриотизм. Одан қалды мемлекеттік рәміздерімізді жарнамалаудың таптырмайтын жолы екен. Алайда, шенеуніктердің бастамасын сенаторлар жақтыра қоймады.

Ләззат Қиынов, Сенат депутаты:

- «Қашаған», «Теңізшевройл», «Қарашығанақ» 5-6 шетел туын іліп қойды делік. Ал бұл патриотизмді қаншалықты көтереді? Оның үстіне көк байрағымызды кеңсесіне ілмейтін компаниялардың атын атаңызшы деп едім, ондай жәйт болған емес дедіңіз. Талапты орындап жатса, бұл өзгерістің мәні жоқ сияқты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін