ШҚО-да жойқын дауыл тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырларын жұлып кетті
![]() |
Шығыс Қазақстан облысында бірқатар елді мекендерде екпіні секундына 5 метрден 19 метрге дейін жеткен күшті жел ғимараттардың шатырларын жұлып кетті. |
Әзірге ТЖ қызметіне аймақтағы бес ауылдан 12 оқиға туралы мәлімет келіп түсті. Белқарағай ауылында жел бес тұрғын үйді, ал Көкбастау ауылында - төрт үйді шатырсыз қалдырған, Топқайың ауылында жекеменшік үйдің шатыры дауылға төтеп бере алмаған.
Бесүй және Ново-Поляковка ауылдарында қатты жел жалпы аумағы 430 шаршы метр болатын астық қоймасының шатырын жұлып кетті. Бұл қоймалар 2000 жылдардың басында салынып, екі жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін