Шымкентте дүкенді қопарған көлік жүргізушісі мұндай әрекетінің себебін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте дүкенді қопарған көлік жүргізушісі мұндай әрекетінің себебін түсіндірді

Шымкентте дүкенді қопарған көлік жүргізушісі мұндай әрекетінің себебін түсіндірді

Шымкентте көлік өздігінен жүріп кетіп, дүкен ішінде бір-ақ тоқтады. Ал, машинаның өз бетінше қозғалуына жүргізушінің қалтасындағы оталдырғыш пульттің кездейсоқ басылып кетуі себеп болыпты.

  • 7 Қазан 2015
  • 257
Фото - Caravan.kz

Тротуардан асып, жол жиегіндегі дүкеннің терезесін сындырып кірген Нексияның жартысы сыртта тұр. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ сауда үйінде болған бірен-саран сатып алушылар мен қызметкерлер кәдімгідей шошып қалған. Автокөлігін абайсызда оталдырған азамат енді дүкенге келген шығынды өтейді.