Спортшылардың ұялы байланысына 30 млн теңге бөлiндi – ҰОК - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спортшылардың ұялы байланысына 30 млн теңге бөлiндi – ҰОК

Спортшылардың ұялы байланысына 30 млн теңге бөлiндi – ҰОК

Ұлттық Олимпиада комитетi 2018 жылы Пxенчxанда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарында спортшыларға қандай қолдау көрсетiлетiнiн айтты.

  • 30 Қаңтар 2018
  • 141
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz тiлшiсi хабарлайды. 

«Бiз жеке-жеке қолдау көрсетпеймiз. Ұлттық Олимпиада комитетi тарапынан спортшыларымызға қосымша iссапар шығындарына қаржы бөлдiк. Бұл олардың ұялы байланысты пайдаланып, емiн-еркiн сөйлесуiне қажет. Бұл демеушiлердiң есебiнен шамамен 30 миллион теңге», — дедi Үкiмет отырысанан кейiн ҰОК Бас хатшысы Данияр Әбілғазин.

ҰОК өкiлi Олимпиада ауылындағы жағдаймен де таныстырды. Оның айтуынша, бөлмеде екi адамнан орналасады. Әртүрлi ас берiледi, бiрақ қазақстандық аспаздар бармайды. Данияр Әбілғазиннің мәлiметiнше, Пхенчхан қаласына қазақстандық делегация құрамында 138 адам барады. Олардың iшiнде 46 спортшы, 30 бапкер, 10 кешендi-ғылыми топ мүшесi бар.

Атап өтсек, бұған дейiн Мәдениет және спорт министрi 
Арыстанбек Мұхамедиұлы қысқы Олимпиадада
 қай спортшылардан жеңiс күтетiнiн айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар