“Супер жұлдыз”: Данэлия Төлешованың The World’s Best жобасында өнер көрсеткен видеосы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Супер жұлдыз”: Данэлия Төлешованың The World’s Best жобасында өнер көрсеткен видеосы жарияланды

“Супер жұлдыз”: Данэлия Төлешованың The World’s Best жобасында өнер көрсеткен видеосы жарияланды

Данэлия Төлешова The World’s Best жобасының екінші кезеңінде әйгілі америкалық әншінің туындысын орындады. Ол Деми Ловатоның Stone Cold композициясын шырқады.

  • 21 Ақпан 2019
  • 8
Фото - Caravan.kz

Төрешілердің бірі Ру Пол Данэлияны балалар арасындағы “супер жұлдызға” теңеп, оның өнеріне жоғары бағасын берді.

Айта кетейік, бұл кезеңде Димаш Құдайберген Селин Дионның All by myself әнін орындады.

Димаш пен Данэлия The World’s Best жобасының бұл кезеңінде қарсыластарымен сайысқа түседі. Димаш католик монах әйелі Кристинамен, ал Данэлия бір қолынан айырылған скрипкашы қыз Манами Итомен жарысады. Яғни, төрт өнерпаздың тек екеуі ғана келесі кезеңге өтеді. Ал “батл” деп аталатын бұл кезең келесі аптада жалғасын таппақ. Ал отандастарымызға жобаның 
Twitter-дегі парақшасында
 дауыс бере аласыздар.

Соңғы жаңалықтар