Жарияланды: 570

Теміртауда бүлдіршіннің сырғанақта жарақаттануына қатысты сот алды тергеу жүргізілуде

Теміртауда бүлдіршіннің сырғанақта жарақаттануына қатысты сот алды тергеу жүргізілуде

Қарағанды облысының Теміртау қаласында ақауы бар сырғанақта ойнап жүрген 8 жасар қыз құлап, жарақаттанды. 

«Соня құрбысымен және оның анасымен «Металлург» стадионының жанындағы балалар алаңында ойнап жүрген. Балалар құбыр түрінде жасалған пластик ойын төбешігінен сырғанағысы келді. Оның сынғанын, бір секциясы жоқ екенін ешкім білген жоқ. Соня бір жарым метр биіктіктен ойыққа қарай ұшып, оның астынан шығып тұрған темір қадаларға құлады», - деп баяндады зардап шеккен қыз баланың анасы Александра Фук.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі шақырылды. Дәрігерлер балаға аяғының ашық жарықшақтанған сынығы диагнозын қойды.

Теміртау қалалық ІІБ-ның Шығыс полиция бөлімшесінде зардап шеккен баланың ата-анасының өтінішімен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп отырғанын хабарлады.

Төтенше оқиға орын алған балалардың ойын алаңы бірнеше жыл бұрын Қала күніне арналып ашылған. 
«Бүгін аттракциондарды тексеру үшін жұмыс комиссиясы құрылды», - деді Теміртау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін