Төреғали Төреәлі бұдан былай Фарида Жолдасовамен дуэт айта алмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төреғали Төреәлі бұдан былай  Фарида Жолдасовамен дуэт айта алмайды

Төреғали Төреәлі бұдан былай Фарида Жолдасовамен дуэт айта алмайды

Басы даудан арылмайтын Төреғали Төреәлі ән қоржынындағы сәтті дуэттен айырылмақ. Өнер иесінің Фарида Жолдасовамен бірігіп жаздырған әні соңғы кездері орындалмай жүр. Себебі Ұлықпан Жолдасов әнді өзге өнерпазға ұсынған.

  • 24 Қазан 2018
  • 254
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасы хабарлайды.

Төреғали мен Фариданың қосыла шырқаған бұл әні ғаламторда хит, тыңдармандар арасында танымал туынды. Бірақ сәтті шыққан дуэттің ғұмыры ұзаққа созылматын секілді.

-Төреғали ол… біз онымен жүре алмаймыз, ол бізбен жүре алмайды. Біз ар жақта, ол мына жақта. Сосын концерттеріміз бар. Ән ол сұраныста. Төреғалиде мысалы «Аллоны» неше түрлі адамдармен де айтып жатыр ғой  деді.Ұлықпан Жолдасов.

Дәл осы даудан кейін Төреш пен Еркенің шығармашылық байланысы тоқтады. Бірақ «Алло» әнінің авторлық құқығы «ТТТ» командасына тиесілі. Атышулы әнші аталмыш хитті, енді Өзбекстанның жұлдызы Шахзодамен шырқап жүр.


 

Соңғы жаңалықтар