Жарияланды: 50

Зағипа Балиева балалар үйлерін жаппауды ұсынды

Зағипа Балиева балалар үйлерін жаппауды ұсынды

Зағипа Балиеваның дерегінше, 7 мың жетім баланың 80 пайызы әлеуметтік жетім болып табылады.

Балалар үйлерін трансформациялау қажет. Мұндай ұсынысты бүгін Мәжілісте Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі ретінде атқарған жұмысы жайында баяндаған Зағипа Балиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар үйлерін трансформациялау қажет. Балалар үйін толықтай жауып тастауға болмайды. Өйткені, өкінішке орай балаларды тастап кету, олардан бас тарту тыйылмақ емес. Сондықтан да Алматы әкімдігімен балалар үйлерін трансформациялау бағытында жұмыс істеп жатырмыз», - деді балалар омбудсмені.

Оның пайымынша, балалар үйлері дағдарыс орталығы, ата-аналарды дайындау мектебі ретінде қарастырылуы тиіс.

Зағипа Балиеваның дерегінше, 7 мың жетім баланың 80 пайызы әлеуметтік жетім болып табылады.  

«Олардың ата-аналары тірі. Сондықтан қоғамды бізде бар барлық бағдарламаға қосып, сол бағытта жұмыс істеу қажет», - деді ол.

Бұған дейін Зағипа Балиева Ақтөбе облысындағы видеоконференцияда балалар үйіне үкіметтік емес ұйымдарды жақындатпау керектігін айтқан болатын.

«Мен Балалар құқығын қорғау комитетінен тағы да сұраймын - бір де бір балалар үйінде балалар үйі ұжымынан басқа, қандай да бір қорлар, үкіметтік емес ұйымдар, басқа да ұйымдар болмауы керек», - деп атап өткен еді  З.Балиева Ақтөбе облысындағы видеоконференцияда.

Оқи отырыңыз:

Елімізде 72 мыңнан астам әке декреттік демалыста жүр

Димаштың шетелдік фанаттары Қазақстан қалаларын аралайды

Караокесінде шетелдік әндер қосқан астаналық кәсіпкерге 6 млн айыппұл салынды
 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін