Жамбылда тарихи жәдігер пойыздан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылда тарихи жәдігер пойыздан табылды

Жамбылда тарихи жәдігер пойыздан табылды

Орыс патшайымы екінші Екатерина кезінде қолданыста болған темір және қағаз ақшаларды Рессей азаматы Қырғызстаннан өз еліне апара жатқан екен. Алайда, коллекционердің құйтырқы әрекетін иісшіл ит әшкерлеп берді.

  • 18 Қараша 2014
  • 273
Фото - Caravan.kz

Елудегі кісі «Бішкек-Мәскеу» пойызының механигіне электр тауарлары толы сөмкені салып жіберген. Алайда, сәлемдеме беруші дорбаның түбінде көне жәдігердің жатқанын ескертпепті. Кеденшілердің тексеруінен соң құнды дүниені көріп, көзі шарасынан шыға жаздаған вагон қызметкері дереу оның қожайынын шақыртқан. Ол, баға жетпес алты келіге жуық экспонаттарды өзіне тиесілі екенін, әрі 10 жылдан бері жәдігер жинаумен айналысатынын айтып ақталған. Бірақ, тәркіленген көне ақшалардың өз меншігі екенін растайтын еш құжат көрсете алмапты. Қазір коллекционердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, монеталардың құнын анықтайтын сараптама тағайындалды. Мамандардың айтуынша, тиынның біреуі кем дегенде үш жүз мың теңге тұруы мүмкін.


Құдайберген Рысдәулет, Жамбыл облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

-Заң бойынша бұл азамат мәдениет министрліктерінен, орталық мұражайдан, ұлттық банктерден міндетті түрде анықтама алу керек еді. Өзінің меншігіндегі дүниелер екендігін растайтын.