Жарияланды: 50

Жан Ахмадиевтің 21 күнге дейін абақтыға қамалуы немесе айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін

Жан Ахмадиевтің 21 күнге дейін абақтыға қамалуы немесе айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін

Алматы көшелерінде тәнін сатып жүрген қыздарды қамшымен сабаған рэппер Жан Ахмадиевтің басы дауға қалды. Қыздарға қол көтеріп, өзінше әдепке шақырған түрін көпшілік «жігітке лайық әрекет емес» деп  сынап, жабайылыққа теңеді.

Бұл туралы 31арна мәлімдейді. 

Осыдан үш күн бұрын ғаламторға жүктелген бұл бейнежазбаны 800 мыңнан астам адам көріп, 6 мыңнан астам пікір қалдырған. Өзін заманауи жыраумын дейтін Жан Ахмадиев Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздарды тәрбиелеуге өзіне құқық беріп, қамшысымен сабаған. Әрі қазақ жігіттерін осындай  «тексеру» жүргізуге үндеген. Алайда рэппердің бұл әрекетін көпшілік сынға алып, «тәрбиені өзінен бастауға» кеңес берді.   

Баян Алагөзова:

– Бұрын біздің батырлар қылыш алып жерді жаулаған. Қазіргілер тек жезөкшелерді қамшымен қууды біледі.

Ләззат Ракишева:

– Зорланып жатқан балаларды құтқармай ма батыр болса!

Ал блогер Назгүл Қожабек:  «Мықты болса, сутенерлерді ұрмай ма? Проституция - тұтас индустрия. Оның басында сіз де, мен де білмейтін, бәлкім білетін, адамдар тұр», - дейді.

Назгүл Қожабек, медиа маман:

– Шынымен сол қазақ қыздардың намысын ойлайтын адам сол қыздардың қасына барады да: «Айналайын, сен мұнда неғып тұрсын? Не істеп жүрсің сен мына жерде? Осындай боп жүретіндей басыңа не күн туды сенің?» деп сұрап, қамқорлығына алар еді. Олай істеген болса шынымен қазақтың намысын, қазақ қыздарының арын ойлайды деп сенер едім. Ал, мына әрекеті тек қана пиар.

Ал Жанның өзі қамшысын сүйреп, Сейфуллинге тағы да баруға оқталып тұр. 

Жан Ахмадиев:

– Онда тұрған не бар? Барам да сол қатындарды сатып алған еркектерді де сабаймын.

Қазір полиция «аты шықпаса жер өртеуге» құмар  Жан Ахмадиевтің ісін тексеріп жатыр. Егер жапа шеккен қыздар арыз жазса, Ахмадиевтің 21 күнге дейін абақтыға қамалуы немесе айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін