Жанар Айжанова карантин кезінде онлайн концертін ақылы түрде өткізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанар Айжанова карантин кезінде онлайн концертін ақылы түрде өткізбек

Жанар Айжанова карантин кезінде онлайн концертін ақылы түрде өткізбек

Карантин уақытында әркім сүйікті ісімен айналысуды әдетке айналдырды. Кей әншілер халықты қолдап, онлайн концертін берді. Ал, Жанар Айжанова 17 сәуір күнге жоспарланған концертін ақылы түрде өткізбек.

  • 17 Сәуiр 2020
  • 589
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында хабарлады. 

"Сіздер мені көндірдіңіздер. Мен карантин кезінде концертімді берейін деп шештім. Онлайн-концерттің бағасы 3000 теңге. Оны картаға жіберіп, түбіртегін көрсетесіз. Сол арқылы концерт тамашалай аласыз", — деді әнші. 

Әншінің айтуына қарағанда, желідегі тыңдармандары концерт беруін сұрап өтінген секілді. 

Бұған дейін Роза Рымбаева, Әлішер Кәрімов, Абай Бегей, Бағлан Әбдірайымов тағы да басқа әншілер халықтың көңілін көтеру үшін жанды дауыста ән айтып, видеосын жүктеп жатты. Мәселен, күні кешек халықтың ерке әншісі Мақпал Жүнісова Болат Сыбановтың әнін шырқап, тыңдарманының көңілін көтерді.


Бұған желі қолданушыларының бірі оң қарайтынын айтса, енді бірі қарсылығын білдірді. 

Соңғы жаңалықтар