Жарияланды: 28600

Желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековтің інісі қазақ қызын шешіндірген түнгі клубты бүгін қиратқалы жатыр

Желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековтің інісі қазақ қызын шешіндірген түнгі клубты бүгін қиратқалы жатыр

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін қаза тапқан Қайрат Рысқұлбековтің інісі - Талғат қазақ қызын 50 мың теңге үшін шешіндірген алматылық түнгі клубты бүгін кешкі сағат алтыда қирататыны мәлімдеді. 

Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Алматы. 27 желтоқсан. Сағат 18:00-де... "Бай заков" түнгі клубының шаңырағын ортасына түсіруге барамыз! Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай; #Арыңды нанға сатпа, ҚАЗАҚ! Тексіздер, "демалыңдар!" деп жазыпты Талғат Рысқұлбеков. 

Алматы. 27 желтоқсан. Сағат 18:00 де, Сейфуллин көшесі 519. орналасқан(Əйтеке би көшесінің қиылысы) "Бай заков" түнгі клубының шаңырағын ортасына түсіруге барамыз! Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай; #Арыңды нанға сатпа, ҚАЗАҚ! Тексіздер "демалыңдар!"

Posted by Talgat Ryskulbek on Monday, December 25, 2017

Сосын ол Фейсбукте көптеген жігіттермен бірге хормен "Қызға қырық үйден тыю" деп айтқан видеосын жариялады. 

"Желтоқсанның жастары" Атқа қона бастады!

Posted by Talgat Ryskulbek on Tuesday, December 26, 2017

Түнгі клубта қазақ қызының ақша үшін шешінгені туралы бұрын хабарлаған болатынбыз. Онда танымал блогер Айжан Байзақованың аты-жөні аталды. Ал кеше ол "ұсақ бұзақылығы" үшін үш тәулікке қамалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть