Жездесіне көзін сүзген қыз - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жездесіне көзін сүзген қыз

Жездесіне көзін сүзген қыз

«Әйел қырық шырақты» телехикаясының ертеңгі бөлімінде осындай жаға ұстатарлық жағдай баяндалады.

  • 8 Қазан 2015
  • 304
Фото - Caravan.kz

-Жаным! Мен сені жақсы көрем! Мен сенсіз өмірімді көрмеймін! Маған тұрмысқа шығуға келісесің бе?

-Әрине, келісемін!

Құлай сүйіп қосылған екі жастың ортасына бөтен емес, туған бауыр түседі. Жездесіне ғашық қыз әпкесін ажырастыруға барынша тырысады. Телефонына жасырын смс-хабарламалар жолдап, күйеуінің адалдығына кірбің келтіреді. Арада жанжал туып, Жандос ақыры кетіп тынады. Бірақ ақырында Лаура сіңлісі Камиланың сатқындығын сезеді. Туған бауырдың опасыздығын кешіру оңай ма? Ертең сағат 19:30-да кезекті бөлімі болатын «Әйел қырық шырақты» телехикаясында осы сұраққа жауап ізделмек.