Нақтырақ айтқанда, Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 274, 00 теңгені (+0,47 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 131 000 (+53 100 мың USD) мың АҚШ долларын құрады.
Есептесуі Т+0 теңгемен еуро бағамы бір еуроға шаққанда 308,30 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 1 000 мың еуро.
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.
Есептесуі Т+0 теңгемен орташа сараланған бағам бойынша бір қытай юані үшін 43,1500 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 200 мың юань.
Осы хабарламада аталған трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.