«Эйр Астана» әуе компаниясы жекешелендірілетін кәсіпорындардың тізімінде жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Эйр Астана» әуе компаниясы жекешелендірілетін кәсіпорындардың тізімінде жоқ

«Эйр Астана» әуе компаниясы жекешелендірілетін кәсіпорындардың тізімінде жоқ

Бәсекелестік ортаға беруге ұсынылған ірі кәсіпорындардың арасында «Эйр Астана» әуе компаниясы жоқ. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 417
Фото - Caravan.kz

Әуе компаниясын сату туралы үшінші тұлғалармен, «QatarAirways» немесе басқа да мекемелермен ешқандай келіссөздер болған емес.

Егер де тағайындалған қазақстандық әуе тасымалдаушыға айтарлықтай иелік пен тиімді бақылау Қазақстан Республикасына немесе оның азаматына тиесілі болмаса, ондай жағдайда әуе байланысы туралы халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге халықаралық рейстерді жүзеге асыру құқы шектеледі.


«Эйр Астана» әуекомпаниясы — Еуропаға ұшуға рұқсаты бар жалғыз әуекомпания. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қаржылай қолдауды қажет етпейтін, ірі рентабельді кәсіпорын.