Павлодарда қару-жарақ ұрлап сатқан сержант сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қару-жарақ ұрлап сатқан сержант сотталды

Павлодарда қару-жарақ ұрлап сатқан сержант сотталды

Семей гарнизонының əскери соты қару ұрлап сатқан N6679 əскери бөлімше сержантын бес жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

  • 14 Желтоқсан 2015
  • 745
Фото - Caravan.kz


Жоғарғы сот баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, сот үкімі Павлодардағы əскери бөлімшеде өткен көшпелі отырыста жарияланды.
Іс материалдарына сүйенсек, 2015 жылдың тамызында рота командирінің сеніміне кірген сержант қарауылдан қару қабылдап алу кезінде қару-жарақ сақтайтын сейфтің кілтін ұрлап алған. Содан соң Макаров тапаншасын ұрлап, сол күні кеште оны 80 мың теңгеге сатып жіберген көрінеді.
Сот сержант пен оның сыбайласын ҚК 287-гі жəне 291-ші баптары бойынша айыпты деп таныды.
Сержанттың өзі бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, сыбайласына 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.