Осыған байланысты оның директоры елімізді «русофобиялық» ел деп, Ресейдегі соғысты қолдайтынын ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ойын ол ресейлік басылымдарға берген сұхбатында мәлім еткен.
«Соңғы кездері Қазақстан русофобиялық ел екенін жиі білдіріп жатыр. Олар не десе де Григорий Викторовичтің ұстанымы өзгермейді. Өзге елдерде не болса да біз өз еліміздің ұстанымын қолдаймыз. Концертті болдырмаса, мейлі. Қазақстансыз-ақ жұмысымызды жалғастыра береміз.
Өз елімізді қолдаудан танбаймыз, жеңіс біздікі болуы үшін бар күшімізді саламыз. Қазақстандықтар естерінен адасып жатыр. Өздерінің таңдауы. Өған бір түйір ренжімейміз. Григорий Викторович Қазақстанда концерт жоспарлап жатқан жоқ. Ол достық ниеті жоқ елдерге бармайды. Олар АҚШ-пен тең. Дұшпандар бізге не істесе, бізде оларға соны қайтарамыз»,-деген Владимир Урюпин», — де жазды ол.