Жарияланды: 240

10 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынды, көктайғақ болады

10 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынды, көктайғақ болады

Қазақстанның территориясында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады,

соған байланысты жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшейуі күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен. 

Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 17-22 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертен Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады. 
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады. 
Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын тұман, көктайғақ болады, жел 18-23 м/с күшейеді, түнде желдің екпіні 28 м/с дейін жетеді. 
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 18 м/с күшейеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін