Жарияланды: 790

Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықпен 39 қазақстандық ғалым марапатталды

Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықпен 39 қазақстандық ғалым марапатталды

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ғылым саласындағы ең жоғары марапаты - Әл-Фараби атындағы 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлықты 1 жеке және 6 ұжымдық еңбекке табыстады.

Аталған сыйлықты мына ұжымдық топтар алды:

«Плазманың кванттық және коллективтік қасиеттері: жаңа технологиялардың теориялық негіздері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін - ҚР БҒМ «Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті» РМК Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері физика-математика ғылымдарының кандидаты Маратбек Ғабдуллин,  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қарлығаш Жұмағұлова, физика-математика ғылымдарының кандидаты Мерлан Досболаев, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Сандуғаш Қоданова, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Төлеген Қожамқұлов, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тілекқабыл Рамазанов; «Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыш ғылымының әдістері мен технологияларын дамыту» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін - ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор Талғат Мұсабаев және оның орынбасары,  техника ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі Мейірбек Молдабеков, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ-ның «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЖШС-нің директоры, техника ғылымдарының кандидаты Дәулет Ахмедов, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ-ның «В.Фесенков атындағы астрофизика институты» ЖШС ядролық астрофизика секторының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Сергей Дубовиченко, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ-ның президенті, физика-математика ғылымдарының докторы Жұмабек Жантаев, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ Геоақпараттық модельдеу департаментінің директоры, техника ғылымдарының докторы Арыстан Мұхамедғалиев, технологиялар орталығы» АҚ-ның «В.Фесенков атындағы астрофизика институты» ЖШС перспективті астрофизикалық зерттеулер бөлімінің бастығы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Леонид Чечин, «Қазгеоғарыш» АҚ президентінің кеңесшісі, техника ғылымдарының докторы,профессор Едіге Закарин;

«Әлемдік технология нарығында Қазақстанның мәртебесін көтерген және еліміздің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан алтын мен қорғасын металлургиясы саласында жасалған әзірлемелерді өндірісте іске асыру» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін - ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Әбдірәсіл Жәрменов, аталған орталық филиалының зертхана меңгерушілері, химия ғылымдарының кандидаты Людмила Болотова, техника ғылымдарының докторы, профессор Сағынтай Исабаев, ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Қанат Күзгібекова, филиал директоры Игорь Старцев, бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты Николай Ушаков, филиал директоры, доцент Серікбол Шалғымбаев, филиал директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Виктор Шумский;

«Қазақстанда бекіре шаруашылығының ғылыми-техникалық негіздерін қалыптастыру және инфрақұрылмын жасау» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін - ҚР АШМ «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» РМК ректоры, биология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Серғалиев, ҚР БҒМ «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» АҚ-ның ғылыми консультанты, техника ғылымдарының докторы, профессор Нұралы Бектұрғанов, атаған орталыққа қарасты Технологияларды комммерцияландыру орталығының директоры Александр Ким, «Биология мория» ЖШС-нің директоры Серік Темірханов;

«Таңдамалы шығармалар» (10 томдық) тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін - ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Экономика институты» РМҚК-ның Әлеуметтік өңдеу және адами капиталды дамыту орталығының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі Аманжол Қошанов;

«Ұршық буынының хирургшиясында эндопротездеуді қолдану арқылы инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы жұмысы үшін ҚР ДСӘДМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК-ның директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Батпенов, аталған институттың №3 ортапедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Қайрат Әшімов, иститут директорының орынбасарлары, медицина ғылымдарының докторы, професссор Шалғынбай Баймағамбетов, медицина ғылымдарының кандитаты, доцент Қуаныш Оспанов, №4 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Алексей Белокобылов, №5 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ерік Раймағамбетов;

«Қазақстан Республикасындағы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін - «АкАй Консалтинг» ЖШС бас директорының орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Орал Ақшолақов, ҚР БҒМ «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» мұнай және газ геологиясы кафедрасының меңгерушісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Герой Жолтаев, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бас директоры, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Құрманғазы Есқазиев, «Геокен» ғылыми өнеркәсіптік орталығы» ЖШС директорының бірінші орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Петр Коврижных, «Меридиан Петролеум» ЖШС президенті,  геология-минералогия ғылымдарының докторы Балтабек қуандықов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының орынбасары, техника ғылымдарының докторы Евгений Огай.

null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null
null

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін