Алматы облысында 20 жастағы бойжеткеннің жоғалып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
![]() |
Айзада Авлатарованың жоғалып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәулік бойы жұмыс істейтін жедел-іздестіру тобы іздеу аумағын едәуір кеңейтті. |
Іле, Кербұлақ, Талғар, Қарасай, Жамбыл аудандары, Қапшағай қаласы полицияларынан 350-ден астам қызметкерлер бойжеткенді іздеуге тартылды.
Шараға Ұлттық гвардия да тартылды, арасында күш құрылымдары арнайы бөлімшелерінің ардагерлер қауымдастығының мүшелері бар азаматтық тұлғалардан құралған еріктілер тобы бар.
Полиция оқиғаға қатысты түрлі нұсқаны пысықтауда. ҚР ҚК 125-бабына сәйкес қылмыстық өндіріс қозғау шешімі қабылданды.
Полиция құқық қорғау органына қажетті ақпарат беріп, бойжеткенді іздеуге белсенді қатысқан өңір халқына алғыс білдіреді. Куәлердің айғағымен күдікті ер адамның кім екені анықталды. Полицейлер бұдан бұрын қылмыстық жауапкершілікке бірнеше рет тартылған ұрыны іздеу, ұстау әрекетін жандандырды.
Іздеу шарасының барысы ҚР ІІМ ерекше бақылауында.
Еске салайық, 20 жастағы Айзада Авлатарова Іле ауданы Жетіген ауылында із-түзсіз жоғалып кетті. Бойжеткен 3 желтоқсанда үйінен сабаққа шыққан. Соңғы рет біреулер оның белгісіз бір көлікке отырғанын көрген.





Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін