Апта бойы аумақты тінтіген еріктілер аман-есен табылған қыздың полиция бөлімшесінде отырған суретін әлеуметтік желіге жариялап, сүйінші сұрады. Қазір студент туыстарымен бірге болған оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшыларына айтып беріп жатыр. Айзаданы ұрлаған күдікті болса, қамауда. Таксишіні әскерилер мен полицейлер бірігіп іздеп тапқан. Қыздың қорқып қалғаны болмаса, ешқандай зорлық белгілері жоқ көрінеді. Десе де, ата-анасы психологтың көмегіне жүгініп, оны дәрігерге қаратпақ.