Жарияланды: 430

Алматыда жауған қардың биіктігі 25 см-ге жетті

Алматыда жауған қардың биіктігі 25 см-ге жетті

Алматыда таңғы сағат 4:30-дан бастап түскен қардың биіктігі таулы аймақтарда 25 см-ге дейін жетті.

Қалың қарды тазалауға қаланың барлық коммуналдық қызметтері жұмылдырылды.

Бұл жұмысқа 608 техника мен 112 құмсепкіш техника тартылды. 785 жұмысшы қар тазалау жұмыстарына кірісті. 
«Бүгін Алматы көшелеріндегі көктайғақтың алдын алу үшін 3669 тонна құмды-хлоридті ұнтақ пен 91 тонна техникалық тұз себілді. Таңғы сағат 9:00-дан аудандық әкімдіктер әр мекеменің жақын территорияның тазалануын қадағалап жатыр», - деді қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы ТЖД «Қазгидромет» болжамына сүйене отырып, дауылды ескерту жариялаған болатын. 
«10 желтоқсанда қар аралас жаңбыр күйінде қалың жауын-шашын күтілуде. Кей кездері тұман мен көктайғақ болуы мүмкін», - делінген еді хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін