Алматыда жезөкшелер ордасына айналған қонақ үйлерге 16 млн. теңге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жезөкшелер ордасына айналған қонақ үйлерге 16 млн. теңге айыппұл салынды

Алматыда жезөкшелер ордасына айналған қонақ үйлерге 16 млн. теңге айыппұл салынды

Алматыда жезөкшелер ордасына айналған кішігірім жеке қонақ үйлерге жыл басынан бері 16 млн-нан астам теңге айыппұл салынды.

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 635
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.  

Алматы полициясы кішігірім қонақ үйлердің иелерін өз мекемелерін жезөкшелер ордасына айналдырмауға шақырып жатыр. Осыған байланысты, тәртіп сақшылары таяуда ғана осындай жағымсыз әрекеттерімен әшкере болып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған кішігірім қонақ үйлерді тағы да аралап шықты.

«Бұрын жезөкшелер ордасы ретінде белгілі болған, қаланың төменгі жағында орналасқан кішігірім қонақүйлер, осындай рейдтік шаралардың арқасында өздерінің құқық бұзушылық әрекеттерін тоқтатты. Қазір олар нарықта жақсы жағынан көрінуге тырысып жатыр. Тіпті жеңіл жүрісті қыздардың мұнда болмайтындығы туралы хабарламалар іліп қойған. Бұл алдын алу шараларының тиімділігін көрсетеді және жазаның қолданылмай қалмайтындығының айқын көрінісі болып табылады. Бір рет болса да бөлмелерін жезөкшелік әрекеттерге ұсынған қонақ үйлердің иелері, мұндай құқық бұзушылық үшін қандай көлемде айыппұл төлейтіндіктерін жақсы біледі. Бұл жерде айыппұлдардың көлемі 100-ден 300-ге дейінгі айлық есептік көрсеткішті құрайды. Биыл Алматыда жезөкшелер ордасына айналған кішігірім жеке қонақ үйлерге жыл басынан бері 16 млн. астам теңгеге айыппұл салынды, — деді Алматы қ. ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқарма бастығы, полиция полковнигі Таңат Назанов. 

Сонымен қатар, қонақ үй иелері де жеңіл жүрісті қыздарсыз-ақ бизнестің алға басатындығына көздерінің жеткендігін мойындап жатыр.  

«Бізге 2014 жылы екі рет айыппұл салды. Барлығы шамамен 800 мың теңге болды. Біздің тараптан құқық бұзушылық әрекеттер болды. Мен мұны мойындаймын. Өйткені, бізге бұл жерде жеңіл жүрісті қыздарсыз бизнес жүрмейтіндей болып көрінді. Сөйтсек, бекер екен. Қазір біз заңды түрде жұмыс істеп жатырмыз. Салық төлейміз. Келушілерді тіркейміз. Бөлмелерді тек тәулік бойына ғана береміз. Сағаттық тарифтер деген жоқ. Жұмыс жүріп жатыр. Учаскелік полиция қызметкері үнемі келіп тексеріп тұрады», — деді Сейфуллин даңғылы бойында орналасқан кішігірім қонақ үйлердің бірінің Фарида есімді әкімшісі.

Дейтұрғанмен, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағылар кейбір пысықай жезөкшелердің пәтерлер мен жеке үйлерге көше бастағандығын айтып жатыр.


Өткен айда соттың шешімімен 4 жеке үйдегі қонақ үй типтес бөлмелер жабылыпты.   

«Бұл үйлердің иелері де ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 450-ші бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Ал егер олар мұнымен тұрмай жеңгетайлық қызмет көрсетсе, онда олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондықтан, мейманхана бизнесі саласында қызмет атқаратын кәсіпкерлер мен үйлерін жалға беретін жеке тұлғаларға ескерткіміз келеді. Егер олар құқық бұзушылық әрекетке баратын болса, заң алдында жауап беретін болады», — деді полковниік Назанов. 
притоновпритоновпритоновпритонов