Ақмола облысында әйеліне сүйетінін дәлелдемек болған ер адам өзіне пышақ салды
![]() |
Ақмола облысының Державинск қаласында әйелімен керісіп қалған 55 жастағы ер адам оны сүйетінін дәлелдемек болып, өз кеудесіне пышақ сұққан. |
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Желтоқсанның 21-і күні кешкі уақыт 21:20 минут шамасында Жарқайың аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері хабарласқан. Онда Державинск қаласында 55 жастағы ер адамның кеуде тұсына салынған пышақ жарақатынан көз жұмғаны айтылған.
Тексеріс барысында аталған ер адамның 57 жастағы әйелімен қосылып, арақ ішкені анықталды. Кейін мас болған екеуінің арасында кикілжің туған. Әйелінің айтуынша, осы кезде күйеуі оған оны сүйетінін дәлелдемек болып, ас бөлмеге барып өзінің кеудесіне пышақ сұққан.
Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде», деп көрсетілген хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін