Жарияланды: 440

Ақтауда біреудің ақша толы әмиянын қолды еткен әйел оны иесіне қайтарды (ВИДЕО)

Ақтауда біреудің ақша толы әмиянын қолды еткен әйел оны иесіне қайтарды (ВИДЕО)

Видеоролик желіде пайда болған соң «Дана» әмбебап дүкенінде біреудің әмиянын қолды еткен әйел оны ақшасымен бірге иесіне қайтарды.

Бұл туралы шапа шеккен Алмагүл Аманғалиева хабарлады. Оның айтуынша, видео «Лада» сайтына жарияланғаннан кейін оған әйел қоңырау шалып, әмиянын әкелген. Оның ішінде болған 52 мың теңге көлеміндегі ақша да қайтарылды.  

Оқиға 1 қазанда  шамамен сағат 20:00 «Дана»  дүкенінде орын алды. Жапа шегуші жолдаған видеода оның әмиянды құлатып алған кезі көрсетілген. Оны қарсы тұрған кассаның маңындағы әйел көтеріп, пакетіне салған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін