Ақтауда ресейлік ұшақтың көкке көтерілмеуі үлкен дауға ұласты
Ал Ақтауда ресейлік «Трансаэро» компаниясының ұшағы бірнеше сағаттан бері ұшып кете алмай тұр. Бұған шетелдік тасымалдаушының әуежайға қызмет ақысын төлемегені себеп. |
Билет алған жүздеген жолаушы таң атқалы таблоны торуылдаумен жүр. Рейс Мәскеуге таңғы сағат жетіде аттануы керек болған. Сегіз сағатқа кешіккен ұшақ жайлы ресейлік әуе компаниясының өкілдері жолаушыларға еш түсініктеме беріп жатқан жоқ. Күту залында сабылып жүрген жұртты тамақтандыру мәселесі де қарастырылған. Айта кету керек, жолаушылардың дені шетелдіктер. Көбі Мәскеуден әрі қарай басқа қалаларға жүрулері керек екен. Ал Ақтау әуежайының басшылығы, «Трансаэроның» қарыздарына бола, ұшақты ұстап отырғандарын айтады. Бүгінгі рейсті есептемегенде, аталған компанияның Ақтау әуежайының қызметі үшін 10 млн теңге берешегі бар. Мұндағылар ақша аударыла салысымен, ұшақты діттеген бағытына жіберетінін жеткізді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін