Жарияланды: 450

Астанада ең биік ғимараттан құлап өлген келіншек қатерлі дертке шалдыққан болуы мүмкін

Астанада оқыс оқиға! Орталық Азиядағы ең биік ғимарат саналатын «Изумрудный квартал» кешенінің жоғарғы қабатынан 57 жастағы әйел секіріп өлді.

Жантүршігерлік жағдай Есілдің сол жағалауында түске жақын болды. Кілең алпауыт компаниялар мен әкімшілік кеңселер орналасқан осы ғимаратқа марқұмның қалай кіріп кеткені белгісіз. Өйткені, ақпарат құралдары жарыса жазып жатқандай секіріп өлген әйел мұнда еден жуушы болып жұмыс істемеген екен. Болжам бойынша биік ғимаратқа суицид жасау үшін кірген болуы мүмкін. Оқиға орнында жұмыс істеген полицейлер марқұм 29- қабаттан құлағанын айтып отыр. Десе де, жалаң аяқ секірген әйелдің 18-қабаттан аяқ киімі табылыпты. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, жантүршігерлік жағдайға нақты не себеп болғаны анықталуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін