Ал оқиға орнына барлық құтқару қызметтері, ит жетектеген кинологтар тіпті «Арлан» жасағының арнайы тобы шұғыл жетті. Мектеп қоршауға алынып,төңіректі түгел тінтіп шықты. Алайда,бомба табылған жоқ. Қазір полиция жалған ақпарат таратып қоңырау шалған қылжақбасты іздеп жатыр. Қолға түссе «телефон лаңкесін» түрме күтіп тұр.