Жарияланды: 560

«Атамекен» ҰКП кадрлық ауыс-түйістер орын алды

«Атамекен» ҰКП кадрлық ауыс-түйістер орын алды

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа отырысының барысында төрағаның жаңа орынбасарының кандидатурасы таныстырылды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметінен.

ҰКП Төралқасының кеңейтілген отырысында Тимур Құлыбаев хабарлағандай, Ұлттық палатада кадрлық өзгерістер орын алуда. ҰКП Төралқа басшысы Басқарма төрағасының орынбасары, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасының өңірлерді дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін мүшесі лауазымына Төлеміс Шотановтың кандидатурасын ұсынды. «Ол бұрын Палатаның ақтөбелік дирекциясына басшылық еткен болатын, кейін Өңірлік даму департаменінің басқарушы директоры - директор лауазымында болды. Сондықтан да оған өңірлер түйткілдері жақсы таныс», - деді Тимур Құлыбаев. Төралқа мүшелері Төлеміс Шотановтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады.

Төралқа Төрағасы сонымен қатар отбасы жағдайына байланысты өтініш берген ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваның уәкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлады.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында да өзгерістер орын алды. Онда ӨКП Өңірлік кеңесінің жаңа төрағасы болып Римма Салықова сайланды. Ол өңірге танымал тұлға, Алматы облысы Іскер әйелдер қауымдастығын басқарады, Алматы облысы әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Нұр Отан» Партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «Алматы бояулары» ЖШС директоры болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін