Атырауда шенеуніктер мен бизнесмен тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда шенеуніктер мен бизнесмен тұтқындалды

Атырауда шенеуніктер мен бизнесмен тұтқындалды

Атырауда мемлекеттік қаражатты қымқырып, пара алды деген күдікпен қалалық әкімдік шенеуніктері мен бизнесмен тұтқындалды.

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 239
Фото - Caravan.kz

 «Атырау қаласы құрылыс бөлімі» ММ бастығы Жұмашбаев пен оның орынбасары Қайыров, сондай-ақ құрылыс-жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС басшыларының бірі  қалалық ІІБ УҰИ-ға қамалды. Оларға ірі көлемде мемлекеттік қаражатты иеленген  немесе жұмсаған, сондай-ақ алдын ала тұлғалар тобымен сөз байласу арқылы пара алған деген күдік тағылды. Сонымен бірге орта мектепке құрылысты аудиторлық тексеру  барысында оны салу кезіндегі теріс пайдалану фактілерін анықтады», — деп хабарлады Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен.