Жарияланды: 330

Депутаттар Мәжілістің таратылуы мүмкін деген сөзді әйелдердің өсегіне теңеді

Бірақ төменгі палатадағы әріптес келіншектерінің әңгімесі ме, бұл жағын халық қалаулылары ашып айтпады. Тіпті мерзімінен бұрын тарқау туралы сұраққа күлкімен жауап берді.

Тұрсынбек Өмірзақов, Мәжіліс депутаты:

-Неше түрлі сөздер бар,әйелдер күллісін айтып жүр. Солай ойлаймын. Әйелдер айтса  мүмкін солай болатын шығар? Болса болды, қоймаса қойды.

Соңғы бірнеше күннен бері Есілдің сол жағалауында Мәжіліс таратылмақ деген әңгіме гулеп тұр. Тіпті сәуегейлер мерзімінен бұрын өтетін сайлау қараша айына белгіленген деп жарыса жазып жатыр. Алайда бұл туралы депутаттардың  өздері түк білмейді. Десек те, соңғы уақытта «Ауыл», «Патриоттар » партиясының төрағаларының өзгеруі, Алматыда атақты экологтың жасылдар партиясын құруға кіріскені сайлаудың жақындап қалғанын білдіретіндей. Айта кетсек, соңғы рет Мәжіліс 2011 жылы өз еркімен тарап кеткен болатын. Ал конституция бойынша, Пврламент сайлауы 2016 жылы өткізілуі тиіс. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін