Жарияланды: 340

«ЭКСПО-2017» көрмесіне «Google Earth» инновациялық компаниясы қызығушылық танытты

«ЭКСПО-2017» көрмесіне «Google Earth» инновациялық компаниясы қызығушылық танытты

Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне танымал «Google Earth» инновациялық компаниясы қызығушылық танытты.

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясынан хабарлады.

«Атап айтқанда, Қазақстандағы ЭКСПО-ға Google Earth, Stanford Global Thermostat, Obscura Digital, Planet Labs секілді инновациялық компаниялар қызығушылық танытқан», деп атап өтілген хабарламада. 
Бұдан бұрын хабарланғандай, көрме Астанада 2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді және оған 100-ден астам ел мен 10 халықаралық ұйым қатысады деп күтілуде. Бүгінде ресми түрде қатысандығын 48 мемлекет пен 10 халықаралық ұйым растады. Белгілі болғандай, аталған көрмеге байланысты халықаралық туристік операторлармен келісімдер бекітілген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін