Елімізде арақтың бағасы 15 пайызға өсетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде арақтың бағасы 15 пайызға өсетін болды

Елімізде арақтың бағасы 15 пайызға өсетін болды

Елімізде алдағы жылы арақтың бағасы 15 пайызға өсетін болды. Сөйтіп, үш жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 есеге дейін қымбаттамақ.

  • 8 Қазан 2015
  • 450
Фото - Caravan.kz

Нақтылап айтқанда, 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, спирттің литрі 1600 теңгені құрайтын болады. Бірақ Ресейде бұл баға біздің ақшамен 200 теңгеге арзанға түсейін деп тұр. Сондықтан мамандар елімізде арақ-шарап қымбаттағаннан кейін көрші мемлекеттен алкоголь өнімдерінің ағылып келуінен қауіптенеді. Оның үстіне Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі де қауіпті ұлғайтуы мүмкін. Өйткені бұл елде литр спирттің бағасы біздегіден 2 есе төмен.

Әміржан Қалиев, «ҚазАлко»
қауымдастығының президенті:

-Біздің алкоголь өнімдерінде акциздің мөлшері алкоголь өнімі бағасының 40-45 пайызын құрайды. Сондықтан, қандай да болсын акциздік салықты көтеру оның сату бағасына әсерін тигізеді.