Елордалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға орнына дереу жедел қызмет, ІІД жедел тергеу тобы жетті.
Кинологиялық қызмет орталығының кинологтары мен «Арлан» арнайы мақсаттағы құрылымның қызметкерлері мектеп және оған тиесілі аймақты тексеріп шықты.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мектепті қоршауға алып, 900 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Ғимаратты тексергенде жарылғыш заты табылмады.