Жарияланды: 340

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны

KASE таңертеңгілік сессиясы: АҚШ долларының құны

Қазақстан қор биржасында орташа сараланған АҚШ долларының бағамы

бір долларға 273, 53 теңгені құрады, деп хабарлады kase.kz. 

Нақтырақ айтқанда, Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. 

Қытай Халық Республикасында мерекелік күнге (ҚХР құрылған күні) байланысты есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 273,53 теңгені (+0,58 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 77 900 (+ 47 800 мың USD) мың АҚШ долларын құрады. Есептесуі Т+0 теңгемен орташа сараланған еуро бағамы бір еуро үшін 304,50 теңгені құрады,сауда-саттық көлемі - 2 700 мың еуро. 
Есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтінде баға белгілеулер болған жоқ.

Осы хабарламада аталған трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін