Каспийде қамыс өртенді
![]() |
Каспий маңы жағалауындағы солтүстік бөлігінде авиация көмегімен өртті ауыздықтау жалғасып жатыр. Кей учаскелерде қамыс өртеніп жатыр. |
«Аумақты 5 қазанда ұшып байқау кезінде «Ленкоса», «Нива» және «Барсучи» учаскелерінде қамыс өртеніп жатқаны анықталды. Каспий маңы жағалауындағы солтүстік бөлігінде өртті авиация көмегімен ауыздықтау жалғасып жатыр», - делінген ҚР ІІМ ТЖК өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру басқармасының хабарламасында.
Еске сала кетейік, 25 қыркүйекте ғарыш мониторингінің арқасында Атырау облысында Құрманғазы ауданындағы «Мальцев», «Сухой» және «Қыз өлген» учаскелерінде қамысты от шалғаны анықталды. Сол күні жалпы аумағы 4 га жерде өрт сөндірілді.
Қалған бөліктегі тілсіз жауды тоқтату мүмкін болмады. Осыған байланысты, бұл жұмыстарға «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы тартылды. Отты сөндіруге жалпы көлемі 357 тонна су төгілді. Бұл Қиғаш және Шарон өзендері сағасындағы отты ауыздықтауға сеп болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін