Мұхаммед Әли исламды қорғап, Дональд Трампқа сырттай жауап қатты
![]() |
Аты аңызға айналған америкалық боксшы Мұхаммед Әли АҚШ президенттігіне үміткер болуы мүмкін Дональд Трамптың елге мұсылмандардың кіруіне тыйым салу туралы жасаған ұсынысын сынға алды. |
"Біз мұсылмандар ретінде исламды өз саяси мүдделерінің алға жылжуы үшін пайдаланатындарға қарсы тұра білуіміз қажет", - деді 72 жастағы спортшы.
Мұхаммед Әли зорлық-зомбылық мұсылман қағидаттарына қайшы екенін, ал саяси көшбасшылар халыққа исламның мәнін түсіндіруі тиіс екенін атап өтті.
Спортшы АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салуды ұсынған республикалық партия мүшесі Дональд Трамп есімін атаған жоқ, деп хабарлады Би-би-си.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін