Мысыр A321 бортында лаңкестік жасалғанын дәлелдейтін айғақтар таппады
![]() |
Синай жартылай аралында ресейлік A321 авиалайнерінің құлау себептерін анықтау мақсатында Мысыр билігі құрған арнайы комиссия ұшақ бортында лаңкестік орын алғанын дәлелдейтін айғақ заттарды таппады. |
Жергілікті телеарнада сөз сөйлеген комиссия басшысы ұшаққа бөгде біреулерінің кіруіне қатысты дәлелдер табылмағанын мәлім етті, деп хабарлады Би-Би-Си.
Ресейлік тарап мұны лаңкестік деп атаған. Көптеген батыс елдердің де пікірі осындай болды. «Ислам мемлекеті» тобы жауапкершілікті мойнына алған болатын.
Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петерборға рейс жасаған ресейлік «Когалымавиа» әуе компаниясының A321 ұшағы 31 қазанда Синай жартылай алаңында құлады. Ұшақ бортында болған 224 адам қаза тапты.
Мысыр билігі мұны лаңкестік әрекет емес екендігін айтқан.
Айта кетейік, британиялық және ресейлік үкімет Мысырға ұшырылатын рейстерді уақытша тоқтату шешімін қабылдаған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін