Н.Назарбаев Әл-Фараби атындағы ең жоғары сыйлықты 1 жеке және 6 ұжымдық еңбекке табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев Әл-Фараби атындағы ең жоғары сыйлықты 1 жеке және 6 ұжымдық еңбекке табыс етті

Н.Назарбаев Әл-Фараби атындағы ең жоғары сыйлықты 1 жеке және 6 ұжымдық еңбекке табыс етті

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ғылым саласындағы ең жоғары марапаты - Әл-Фараби атындағы сыйлықты 1 жеке және 6 ұжымдық еңбекке табыстады.

  • 14 Желтоқсан 2015
  • 354
Фото - Caravan.kz

«Баршаңызды еліміздің келе жатқан Тәуелсіздігінің 24 жылдығымен құттықтаймын. Бұл еліміздің ең ұлық, төл мерекеміз. Біз егемендіктің жылға бергісіз әр күнін ерен еңбекпен, қажырлы қайратпен өркендеттік. Қазақстан күллі әлемге кемел келешегімен ұмтылған жасампаз ел ретінде танылды», — деді марапаттау рәсімінде Елбасы.

ҚР Президенті өтіп бара жатқан жыл Тәуелсіздік жылнамасында жазылатын маңызды оқиғалармен айшықталғанын, биылғы жыл Қазақстан ғылымына айрықша серпін берген жемісті жыл болғанын баса айтты.

«Қазіргі заманда экономика өсімін ғылым мен инновациясыз елестету мүмкін емес. Сондықтан мемлекет көңіл де бөліп, қаражат та бөліп, қолдау да жасап жатқанын көріп отырсыздар. Мемлекет ғалымдардың озық тәжірибелеріне ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника саласындағы ең жоғары марапат болып саналады», — деді Мемлекет басшысы.

Елбасы аталған жоғары марапатқа биыл   1 жеке және 6 ұжымдық  ғылыми шығармалар еңбегі лайық деп танылғанын айтты. «Бұл еңбектер көмірсутегі, ғарыш және ауыл шаруашылығы, жаңа технологиялық істерге жол ашты. Металлургия, физика, медицина салаларында инновациялық жаңалықтар енгізді», — деді Н.Назарбаев.