Жарияланды: 470

Овчарка иесін қауып өлтірді

Овчарка иесін қауып өлтірді

Тула облысының Киреевск қаласында полиция қызметкерлері өз иесін қауып өлтіріп, жергілікті тұрғындар үшін қауіп төндірген итті атып тастады,

деп хабарлады облыстық ІІМБ баспасөз қызметінің басшысы Андрей Ярцев.

Оның айтуынша, кезекшілік бөлімге Киреевск көшелерінің бірінде неміс овчаркасы арсылдай үріп, жүгіріп жүргені туралы хабарлама келіп түскен. Бұл ретте жануардың тұмылдырығы мен қарғыбауы болған жоқ, иесі де байқалмады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, овчарканың 63 жастағы иесі оны тамақтандыру кезінде торлы орынның есігімен иттің табанын қыстырып алған. Жануар ер адам қауып, одан кейін үй жанындағы аумаққа шығып кеткен. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жануарды ату үшін полицейлер табельдік қаруды пайдаланған. Тұрғындардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін