Қарағандыда туристерді алдаған прокурордың қызы қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда туристерді алдаған прокурордың қызы қамауға алынды

Қарағандыда туристерді алдаған прокурордың қызы қамауға алынды

Қарағандыда турфирма клиентттерінің 400 мың доллардан аса қаражатын қолды қылған кәсіпкер әйел қамауға алынды. Облыс прокуратурасының бұрынғы лауазымды қызметкерінің қызы Жанар Әбеуп, өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалып сот басталса да, үш ай бойы бостандықта жүрген болатын.

  • 8 Қазан 2015
  • 271
Фото - Caravan.kz

 «Фараон» турфирмасы Мысыр мен Түркияға жолдамаларды жыл басынан бері арзан бағамен сатқан. Алайда Қарағанды және Астана қалалалырынан шыққан бір топ турист шілде айында әуежайдан ұшып кете алмады. Фирманың кеңсесіне келгендерімен, мардымды жауап ала алмай, ұлардай шулап қалған еді. Кейін 100-ден аса адамның арызы бойынша қылмыстық іс қоғалған. Тамызға дейін қарызды қайтарамын деп қолхат бергенімен, қазан туса да қаражаттарын көрмегендер, соттан оны қамауға алуды талап етіпті. Аудандық судья кепілмен бостандықта жүрген прокурордың қызын қамауға алу туралы шешім шығарды.