Таразда парамен ұсталған шенеунік ақшаны өзімдікі деп қиғылық салды
Жамбылда кәсіпкерлерді қанаған бірнеше шенеунік қамауға алынды. Өңірдің бас экологы мен оның орынбасары, сондай-ақ, осы департаменттің бөлім басшысы бизнесменді кабинетке кіргізіп алып пара алып жатқан жерінде ұсталып қалған. |
-Бұл ақшаны қайдан алғаныңызды түсіндіріңіз?
-Өзімнің ақшам.
-Қанша ақша?
-100 мың бар.
Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары өзіне шаң жуататын емес. Ол 100 мың теңге парамен ұсталып отыр. Ал, өзге сыбайластары жайында әзірге ақпарат жоқ. Бұл үштік ұзақ уақыттан бері аймақтағы бизнес өкілдерін қан жылатса керек. Яки атқарылған жұмыстың қабылдау актісіне қол қою үшін кемі 45 мың мен 400 мың теңге аралығында ақша сұрайтын болған. Жүйелі түрде пара алып үйренген атқанімерлердің сорақылығы қанша уақыттан бері жалғасып жатқанын құзырлы орын анықтап жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін